ҰҚК: Алматы қаласы мен Алматы облысында өткен арнайы операцияда 675 күдікті ұсталды

ҰҚК: Алматы қаласы мен Алматы облысында өткен арнайы операцияда 675 күдікті ұсталды
Сурет: Іnform.kz

8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күш 675 күдіктіні ұстады

Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жеке басын тексеру және автомобильдер мен үй-жайларды тінту барысында демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция) және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және басқалар) табылып жатыр.

«Барлық азаматтарды құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақырамыз», - деп ескертеді комитет.