Көлікте ақша қалдырмаңыз: қарағандылық ер адам машинадан 20 млн теңгені жымқырып кеткен

Көлікте ақша қалдырмаңыз: қарағандылық ер адам машинадан 20 млн теңгені жымқырып кеткен Сурет: Polisia.kz

Алматыда сканер арқылы біреудің көлігіндегі қомақты қаржы қолды болды


Алматыда қарағандылық ұры сканердің көмегімен бөтеннің көлігінен 20 миллион теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл жолы бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған Қарағанды ​​облысының 51 жастағы тұрғыны көзге түсті.



«Бұл қылмыс 28 қазан күні сағат 10:30-да орын алды. Т.есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында тұрған Mercedes көлігінің салонына заңсыз кіріп, сол жерден жасырын түрде 20 миллион теңге ақша ұрлаған. Күдікті Қарағанды ​​облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.



Спикердің айтуынша, қаскүнем дабылды сканерлеу арқылы бөтеннің көлігін ашқан. Осы қылмысқа басқа да адамдардың қатыстылығы анықталуда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38