Junior Eurovision-2021 ән байқауында ел намысын Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин қорғайды

Junior Eurovision-2021 ән байқауында ел намысын Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин қорғайды
Cурет: видеодан алынды

Биыл Junior Eurovision-2021 Парижде өтеді

Алғаш рет Junior Eurovision-2021 ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалында екі қатысушы жеңімпаз атанды. Финалда Бекнұр Жәнібекұлы және Әлинұр Хамзин бірдей 30,5 пайыз дауыс жинады. Енді талантты орындаушылар 19 желтоқсан күні Парижде өтетін халықаралық байқауда «Ертегі әлемі» әнімен Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат  агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық іріктеу жеңімпаздары қазылар алқасының бағалауы және телекөрермендердің SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.
Ұлттық іріктеу концертінің тікелей көрсетілімі бүгін «Хабар» телеарнасының эфирінде өтті. 10 финалист танымал қазақстандық композиторлардың арнайы жазылған авторлық әндерімен өнер көрсетті.

Парижде өтетін 19-шы Junior Eurovision Song Contest балалар ән байқауына 19 ел қатысады. Олар: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.