Әйнектің арғы жағындағы театр

 

Тбилиси елінде әйнек куб пайда болды. Өнерді сағынған көрермен сол арқылы түрлі қойылымдардың куәсі бола алады.

Негізі гүржі елінің театрлары араға бір жыл салып наурыз айында қайта ашылған болатын. Бірақ аталған елде коронавирустың үшінші толқыны басталып, өнер үйлерінің көбі қайта жабылды. Солардың ішіндегі біреуі осы тұста көрерменмен табыстырар жол тапқан.

Өнер иелері театр – тек ғимарат емес, ол актер мен көрермен арасындағы тірі байланыс деген ойда. Олар «азаматтар театрға келе алмаса, оларды өзіміз іздеп баруға дайынбыз» дейді.

Негізі бұл жоба «Қауіпсіз аймақ» деп аталады. Ол 50 шақты қысқа спектакльден тұрады. Алдағы 100 күнде әйнек куб Тбилисидің әр жерінде бой көрсетеді.

Қойылымдардың тақырыбы қазіргі заман шындығы. Яғни пьеса кейіпкерлері бәрі білетін бірақ көп айтыла бермейтін жағдайлар жайлы әңгіме құрады.

Аталған жобаға барлығы 6 драматург, 4 режиссер тартылған. Олардың бәрі маусымға дейін түрлі спектакльдің премьераларымен бүкіл Тбилисиді аралап шығады. Бастысы, қойылымды тамашалау – тегін.

Дайындаған Айкерім НӘЛДІБЕКОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *