ӘЙЕЛІНДЕ АДАЛДЫҚ БОЛМАҒАН ОТБАСЫНДА, ӘЙЕЛІ ЖАУАПСЫЗ БОЛҒАН ҚОҒАМДА БЕРЕКЕ БОЛМАЙДЫ

«Сана тазармай, қала тазармайды» деген айдар «Алматы ақшамында» тұрақты көрініп келеді. Осы ойлы сөзді кімдер оқиды, әрине көбінде зейнеткерлер, жасы ұлғайған қауым.
Ал Алматы таза қала болу үшін көшелерде қолына кілтін селкілдетіп ұстап, ашық жыныстық қатынасқа шақырып тұрған қыз-келіншектер көбінде өзіміздің қаракөздер, солардан құтылу керек. Ойлап қарасаң Батыс біздің бар асыл қасиеттерімізді ұрлап алып, бізге өзінің керек емес дүниесін әкеліп тықпалап жатқандай көрінеді, солай да. Біз өзіміздің жақсы, саналы әдет-ғұрыптарымызға, салт-дәстүрімізге емес, өзгенің жаман қалдықтарын қабылдап, соның әдепсіз әлеміне еліктеп жүрміз. Бұл реттен келгенде бүгінде еркектерден гөрі әйелдер (қыз-келіншектер) батысқа көп еліктеп кеткендей. Әйелінде адалдық болмаған отбасында, әйелі жауапсыз болған қоғамда береке болмайды. Осыны ескермей барамыз. Таяуда осы мәселе төңірегінде көрнекті жазушы Смағұл Елубай «Алматы ақшамында» (15.04.2017) тебірене жазыпты. Бізде түнгі клубтар көп. Біле білсең, сол жерде алкоголизм, нашақорлық бар, сол жерде гомосексуализм бар, сол жерде қызтекелік бар, сол жерде жезөкшелік өршіп тұр. Бір сөзбен айтқанда, барлық қылмыс сол жерде.
Ұл-қыздарымызды азғындатып жатыр. Бүкіл әлемді шарпыған осы қылмыстың біреуі де бізде болған жоқ еді ғой?
…Біз тек ұрлық пен кісі өлтіруді ғана қылмыс деп санайтындаймыз. Өздерінің міндетті істерін дұрыс істей алмаған шенеуніктердің ісі де қылмыс емес пе?! Кейде біздің кейбір шенеуніктердің тұла бойы жаман әдет қылықтарға тұнып тұрғандай көрінетіні бар. Идеология көп жылдық бодандық, құлдық заманнан шыға алмай жатыр, көп адамның санасы сатқындықпен уланған. Қызғаныштың қызыл иті ішін өртеген қорқаулар асылыңды да, ардағыңды да отқа итере салудан тайынбайды…
Айтса айтқандай-ақ қой.
«Сана тазармай, қала тазармайды» деп бастап едік, әрине Алматыда немесе басқа қалаларда тұратын азаматтар өз қаласының таза болғанын көргісі келеді, құптайды.
Негізінде адамгершілік, ұят, намыс болғанда ғана сана мен қала таза болады! Міне, осы ар жолындағы күрес қалып барады ғой.
Қасымхан НҮСІПҚОЖАҰЛЫ,
зейнеткер.