Израильде елге кірер алдында әуежайда тексерілетін ПТР тестілеу туралы талапты алып тастайды

Израильде елге кірер алдында әуежайда тексерілетін ПТР тестілеу туралы талапты алып тастайды
Cурет: Avesta-news.kz

Бұл өзгеріс 20 мамырдан бастап енгізіледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлемдеді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап. 

"Бен Гурион әуежайына қонған жолаушыларға 2022 жылдың 20 мамырынан бастап ПТР тестінен өту қажет болмайды",-делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте шетелдіктер ұшар алдында әлі де тест тапсыруға мәжбүр болады.