Израиль жақын арада COVID-19 қарсы дәрі шығармақ

Израиль жақын арада COVID-19 қарсы дәрі шығармақ
Сурет: Сsn-tv.ru

Бұл адамдарға вакцинаны үйде қабылдауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта Израиль мемлекеті капсула түріндегі вакцинаны сынақтан өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Вакциналанбаған 24 еріктіге жүргізілетін зерттеу жұмыстары 6 аптаға созылады. Сынаққа қатысушылардың бір бөлігі бір капсуланы, ал басқалары препараттың екі дозасын қабылдайды.

Oramed Pharmaceuticals компаниясының Бас директоры Надав Кидронның айтуынша, ішуге арналған жаңа вакцина коронавирустың әртүрлі штамдарына төзімді, өйткені ол вирустың үш құрылымдық ақуызына бағытталған.

Оның ең басты артықшылығы - вакцина тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын қажет етпейді. Бұл адамдарға вакцинаны үйде қабылдауға мүмкіндік береді.