Іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды

Іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Зорлық-зомбылығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.

Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.

Ол Астана ПД-ның УҰИ-ға қамалды.