Италиядағы жағдай: Жерорта теңізінде 428 мигрант құтқарылды

Италиядағы жағдай: Жерорта теңізінде 428 мигрант құтқарылды
Сурет: Inform.kz

428 заңсыз мигрант мінген неміс SeaWatch3 гуманитарлық кемесі ақыры Италияның оңтүстігіндегі Таранто портына кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері еріктілер лық толы үрлемелі қайықтардан Африка мен Таяу Шығыстан келген жүздеген адамды құтқарды.

Осыдан кейін босқындар бір аптаға жуық уақытты ашық теңізде 40 градус ыстықта өткізуге мәжбүр болды. Олар Италия билігінен ел порттарының біріне кіруге рұқсат күтті. Тек соңғы бірнеше айдың ішінде Италияның оңтүстігіндегі су айдындарынан суға батқан бес мигранттың денесі табылды. 2022 жылдың бірінші жартысында Италияға теңіз арқылы 34 мыңға жуық адам келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 мыңға артық.

Бірақ бәрі өзгеруі мүмкін. 25 қыркүйекте итальялықтар парламент сайлауында дауыс береді. Егер оңшыл «Бауырлас Италия» партиясы билікке келсе, елде баспана алу әлдеқайда қиын болуы мүмкін.