Италияда өткен әлем кубогінен қазақстандық паралимпиадашылар 18 медаль алып қайтты

Италияда өткен әлем кубогінен қазақстандық паралимпиадашылар 18 медаль алып қайтты
Сурет: Egemen.kz

Паралимпиадалық жүзуден әлем кубогінде Қазақстан құрамасы тамаша өнер көрсетті

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазақстандық паралимпиадашылар әлемнің 38 елінен келген 300 спортшы арасындағы жарыста үздіктердің қатарынан көрінді. Әлем кубогына Италияның Линьяно-Саббьядоро қаласына Қазақстаннан 9 жүзуші аттанды.

Екі «алтын» және екі «күмісті» Андрей Афанасьев жеңіп алды. Сиязбек Далиев пен Наталья Звягинцева үш медаль иеленсе, Диас Кенжебек пен Кирилл Ильюкевич екі мәрте жүлдегер атанды. Қазақстан құрамасының қоржынына бір марапаттан Сергей Кин мен Алина Дубинина медаль қосты.

Спортшылардың барлық нәтижелері Халықаралық паралимпиада комитетінің 2022 жылғы әлемдік рейтингіне енгізілмек. Дәрежелер туралы әлемдік табельдердің негізінде 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушылардың тізімі қалыптастырылады, ал қазір, 2022 жылы, маусым айында Португалияда өтетін паралимпиадалық жүзу бойынша әлем чемпионатына және қазан айында Қытайда өтетін жазғы Азиадаға нормативтер бойынша іріктеу жүргізіледі. Спортшылар осы жарыстарға белсенді дайындалуда.