Италия Премьер-Министрі Марио Драги отставкаға кететінін айтты

Италия Премьер-Министрі Марио Драги отставкаға кететінін айтты
Сурет: Politico.eu

Президент бұл өтінішті назарға алды.

21 шілдеде Италия Премьер-Министрі Марио Драги отставкаға кететінін мемлекет президентіне айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Италия Президенті Серджо Маттарелла Үкіметке ағымдағы міндеттерді орындауды тапсырды.

Марио Драги өткен аптада отставкаға кетпек болған, алайда президент оның өтінішін қабылдамады.

Драги 2021 жылдың ақпан айынан бастап Италия Министрлер кабинетінің басшысы болды. Ол өз Үкіметінің басым бағыттары ретінде COVID-19 пандемиясына қарсы тұруды және дағдарыстан кейін елдің экономикасын қалпына келтіруге арнады. 2021 жылдың соңында Драги өзіне жүктелген міндеттерді орындағанын және Президент болуға дайын екенін айтты. Оның бұл шешімін солшыл Демократиялық партия қолдағанмен Драги сайлауға қатыспады.

2022 жылдың наурыз айында Ұлттық статистика агенттігі Италияда инфляция өсіп келе жатқанын мәлімдеді.