Италия коронавирусқа қарсы вакциналарды жойып жатыр

Италия коронавирусқа қарсы вакциналарды жойып жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

15 млн екпе дозасы жойылады

Италия коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жоюды бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Кем дегенде 15 млн екпенің дозасы жойылады деп жоспарлануда.

Вакцинаның көзін жоюға препараттардың ескіруі себеп болған.

Жергілікті басылым күзде фармацевтикалық компаниялар вакцинаның жаңа нұсқаларын шығаратындығын жазды. Омикрон-штамның жаңа нұсқаларына қарсы екпелер де ойлап шығарылуы мүмкіндігі айтылды.