IT-кластерді дамыту жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады – Ә. Смайылов

IT-кластерді дамыту жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады – Ә. Смайылов
Сурет: Mogilev.online

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты.

Премьер-министр әуелі осы жылдың мамыр айында іске қосылған MOST IT Hub Almaty инновациялық кәсіпкерлікті дамыту орталығына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Жалпы ауданы 5 200 шаршы метрлік орталықта кеңселер, коворкинг-кеңістіктер, ивент және бизнес-кездесулер өткізуге арналған аймақтар орналасқан.

«Алматыны үлгі етіп, еліміздің барлық облыс орталықтарында IT-хабтар іске қосылуы тиіс», - деді премьер-министр.

Үкімет басшысы Mediker Hospital International жаңа көп бейінді медициналық орталығы мен «Жас маман» жобасы аясында түрлі оқу-өндірістік шеберханалармен жабдықталған Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне барды.