Ыстық су қайда кетті?

Ыстық су қайда кетті?
azh.kz

Алматылықтар ыстық судың орнына краннан суық су ағып жатқанына наразы

Бұл туралы Гагарин көшесі, 167 үйде тұратын алматылық әлеуметтік желіде жазды.

Оның айтуынша, қалада жылу беру тоқтағаннан бері крандағы ыстық су салқындап кеткен. Мұндай проблема мегаполистің әртүрлі ауданында орын алды.

Осы мәселеге қатысты «Алматы жылу желілері» ЖШС жауап берді.

«Жылу беру маусымы аяқталған кезде жыл сайын жоспарлы жөндеу жұмыстары қолға алынады. Осыған орай ыстық су тұйық схема бойынша бір құбыр арқылы ғана беріледі (айналым жоқ), бұл құбырдағы судың салқындауына әкеледі»,- деп мәлім етті ведомстводан.

Бұдан бөлек, температура тұтынушылардың суды ағызуына да байланысты.

«Ыстық суды жиі ағызбаса, сәйкесінше, ол құбырда тұрып салқындайды. Сондықтан жазда ыстық сумен жабдықтаудың тұрақты температурасын қамтамасыз ету үшін қыздыру қондырғысын орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Бұл ретте «ыстық су» қызметі үшін төлем жасау жалпы үйді есепке алу құрылғысымен есептеледі», - деп түсіндірді «Алматы жылу желілері» ЖШС-дан.