Испанияда жанартау лавасы мұхитқа құйылды

Испанияда жанартау лавасы мұхитқа құйылды
sm.news

Канар аралдарында атқылап жатқан лава мұхитқа құйылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Дәрігерлердің айтуынша, ауаға тараған бөлшектер адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан мамандар жергілікті тұрғындарға әзірге далаға шықпауға кеңес береді.

Мұхиттанушылар лаваның сумен жанасуынан жарылыс болу қаупі бар деп ескертті. Бұған дейін лава атқылап жатқан Пальма аралын Испания үкіметі апат аймағы деп жариялаған болатын. 

Кумбре-Вьеха жанартау 10 күн бұрын оянып, содан бері ыстық лай тау етегіндегі 600 үйді, банан алқаптары мен ондаған нысанды басып қалды. 6 мыңнан астам адам көшірілген.