Испанияда орман өрті болып жатыр

Испанияда орман өрті болып жатыр
Сурет: Ru.euronews.com

Орман өрті елді мекендерге дейін жетті.

Испанияда орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Тілсіз жау елді мекендерге дейін жеткен. Құтқарушылар табиғат апатынан Кастельон муниципалитетінде 800-ге жуық адамды түн ортасында эвакуациялағанын айтады. От 10 мың гектар алқапты шарпыған. Қазір қызыл жалынды ауыздықтау үшін 300-ден астам өрт сөндіруші мен 21 ұшақ жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Еуропада орман өртінің ушығуына аптап ыстық себеп болған. Қазір өңірде ауа температурасы 40 градус ыстық.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Пікірлерінше, ыстық күн райы аптаның соңына дейін жалғасады.