Ішкі миграцияны реттеу - бұл осы елдің қауіпсіздігі үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін басты мәселелердің бірі - Смағұл Елубай

Ішкі миграцияны реттеу - бұл осы елдің қауіпсіздігі үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін басты мәселелердің бірі - Смағұл Елубай
Сурет: Ult.kz

Президенттің Жолдауда айтқан бастамаларын қолдау. 

Белгілі жазушы Смағұл Елубай да Президенттің соңғы шыққан Жолдауын қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, Жолдауда көптеген мәселелер көтерілді. 

«Жалпы орта білім беретін мектепті бітірген балалардың барлығы бірінші қазақ тілін, екінші орыс тілін біліп шығуы тиіс деді. Яғни, бұл - орта білім беретін мектептердің міндеті дегенді айтты. Осы біздің көңілімізге ұнады. Шетелдегі отандастарымызды көшіру немесе біздің ішкі миграцияны реттеу - бұл осы елдің қауіпсіздігі үшін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін қажет басты мәселелердің бірі екені белгілі. Яғни, бұл салаға да жаңа серпін беріледі деді Президент. Соған да қуандық», - деді жазушы Смағұл Елубаев.