Ирландияда аттракцион құлады

Ирландияда аттракцион құлады
Сурет: Newstracker.ru

Аттракционнан қауіп төнді

Солтүстік Ирландия астанасындағы саябақтардың бірінде аттракцион құлап, адамдар жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-кe сілтеме жасап. 

Оқиға сенбі күні Каррикфергустағы Planet Fun ойын-сауық саябағында болған.

StarFlyer аттракционында ақау болып, соның салдарынан механизм жүйеден шығып, аттракцион адамдарға құлады. Апат салдарынан алты адам зардап шекті, олардың кем дегенде үшеуі - балалар.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп жазды Daily Mail.