Ирандықтар COVID-19 қарсы жаппай екпе алуды бастамақ

Ирандықтар COVID-19 қарсы жаппай екпе алуды бастамақ
Сурет: Ttwitter.com

Алдағы күндері олар екпенің 3 миллионнан астам дозасын сатып алады.

Иран халықты жаппай вакциналау бағдарламасын күшейтуде, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Иран Ислам Республикасы алдағы бірнеше күнде COVID-19 вакциналарының 3 миллионнан астам дозасын сатып алады. Атап айтқанда, Қытайдан шамамен 2,2 миллион доза, ал Жапониядан AstraZeneca вакцинасының 1 миллион дозасы импортталады.