Иранда зілзала салдарынан жүздеген адам зардап шекті

Иранда зілзала салдарынан жүздеген адам зардап шекті
сурет:eadaily.com

Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 3 адам мерт болды.

Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзірбайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  İSNA агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінен 2 қала мен 70-тен аса ауыл зиян шекті, 20-50% ғимарат бүлінді.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған.