Иранда жер сілкінді

Иранда жер сілкінді
сурет: ашық дереккөзден алынды

4,2 және 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. 

Жерасты дүмпулері Иранның Фарс және Илам провинцияларында тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ИРИ ұлттық сейсмикалық орталығының мәліметінше, 4,2 магнитудалы жер сілкінісі жергілікті уақытпен 21:43-те Хешт қаласында тіркелген. Ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.

Тағы бір жер сілкінісі жергілікті уақытпен 22:43-те Илам провинциясының Мурмури қаласында тіркелген. ИРНА агенттігінің мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте болған.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Жерасты дүмпуі Бушер, Лурестан және Хузестан провинцияларында сезілген.