Иранда 46,8 млн адам коронавирус вакцинасының бірінші дозасын алды

Иранда 46,8 млн адам коронавирус вакцинасының бірінші дозасын алды
Сурет: Іfpnews.com

Иранда халықтың 46,8 миллионнан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын қабылдады

Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде COVID-12 жұқтырудың 12 298 жаңа жағдайы анықталды, 1 699 адам ауруханаға жатқызылды. Коронавирус инфекциясы пандемиясынан қайтыс болғандар саны 123 275-ке жетті. Өткен тәулікте 194 науқас қайтыс болды.

Шенеуніктер COVID-19 жұқтырған 5 026 пациент интенсивті терапия бөлімшелерінде ауыр халде жатқанын айтады. Қазіргі уақытта 46 809 100 ирандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған.

АҚШ-та тұрғындардың 77% коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған. Көптеген компаниялар вакцинация мандатын қабылдағаннан кейін COVID-19-ға қарсы вакцинация деңгейі 20% астамға өсті. Сонымен бірге, індетті жаңадан жұқтыру фактілері мен өлім-жітім азайды, деп хабарлады Ақүйдің пандемияға қарсы үйлестірушісі Джефф Зайенц.

Екпе мандаттарын жеке кәсіпорындар, денсаулық сақтау жүйелері, әлеуметтік мекемелер, мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары енгізді.