Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері қайта жанданады

Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері қайта жанданады
Сурет: Tengrinews.kz

Екі ел арасында әуе рейстері қайта ұшады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Биылғы 20 сәуірден бастап ирандық "Kish Air" әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады», - делінген хабарламада.

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асады.