Иран азаматы құран оқу байқауында 800 мың доллар ұтты

Иран азаматы құран оқу байқауында 800 мың доллар ұтты
Сурет: ашық дереккөз

Сауд Арабиясында әлемдегі ең үлкен Құран мен азан жарысы өтті.

Сауд Арабиясында өткен Құран оқу және азан айту жарысында жергілікті және ирандық қари бірінші орын алды. Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz  Al Arabiya-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, құран оқу сайысында ирандық қатысушы Юнус Шахмуроди бірінші орын алып, 800 мың доллар (357 223 600 тг) жүлдесін жеңіп алса, Сауд Арабиясының өкілі Абдулазиз әл-Факих екінші орынды иеленді. Оған 500 000 доллар (223 264 750 тг) берілді.

Азан сайысында Сауд Арабиясының өкілі Мұхаммед Аш-Шариф жеңіске жетіп, 500 мың доллар ұтты. Индонезиядан келген талапкер Диаддин бин Низориддин екінші орын алды, оған 267 мың доллар (119 223 376 тг) берілген.

Жеңімпаздарға жүлделерді Сауд Арабиясы Бас ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл-Шейх табыс етті.

SPA мәліметінше, жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион долларды құраған.

Бұл жарыс ең үлкен құран оқу және азан айту жарысы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.