Ирактағы АҚШ бас консулдығына шабуыл жасалды

Ирактағы АҚШ бас консулдығына шабуыл жасалды
Cурет: Кадрдан скрин

Шабуылға байланысты аймақта әуе қатынасы тоқтатылды

Күрдістан автономды аймағының орталығы Эрбиль қаласындағы дипломатиялық ғимаратқа Иран аумағынан бірнеше зымыран атылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 3 жарылыс болған, қалада дабыл іске қосылды. 

Шабуылға байланысты аймақта әуе қатынасы тоқтатылды. 

Билік зымыран атқылауынан ешкім зардап шекпегенін айтады. АҚШ елшілігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.