Иракта түрмеге қамалған қазақстандық әйелдер аштық жариялады

Иракта түрмеге қамалған қазақстандық әйелдер аштық жариялады Сурет: Liter.kz

Олар - өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар.


Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, әйелдердің негізгі талабы - өз елдеріне тезірек экстрадициялану. Еске салайық, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар - осыдан бірнеше жыл бұрын өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар. Ал олардың балалары «Русафа» операциясы аясында Ирактан Қазақстанға жеткізілген болатын.



«Тұтқындар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау туралы талап етуде. Аштық акциясы Ирак билігінің "Рақымшылық туралы" заңға қол қою туралы қауесеттер аясында басталды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Ирак билігі барлық санаттағы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға биыл қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты емес, қолда бар ақпарат», - деді  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42