Интернет Антарктидада қолжетімді болды

Интернет Антарктидада қолжетімді болды
Сурет: Trends.rbc.ru

5G стандартына сәй келетін Интернет.

Американдық SpaceX компаниясының Starlink спутниктік интернет желісі енді Жердің барлық құрлық континенттерінде қолжетімді. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Тass.ru cілтеме жасап. 

«Starlink желісі қазір барлық континенттерде, соның ішінде Антарктидада қолжетімді болды», - деп жазды Маск Twitter-де. 

Жексенбі күні SpaceX орбитаға 54 Starlink спутнигінің кезекті партиясын шығарды. Ғарышқа жіберілген аппараттардың жалпы саны қазір үш мыңнан асады. 

Компанияның мәліметі бойынша, Starlink ғаламшарды трафик жымдамдығы секундына 1 гигабит жететін Интернетпен қамтамасыз ете алады. Бұл 5G стандартына сәй келеді.