Интернет-алаяқтық түрлері қандай

Интернет-алаяқтық түрлері қандай 24.kz

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлерін атады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Интернет-алаяқтық жасаудың ең көп тараған түрлері мынадай: жарнама арқылы тауарға немесе қызметке алдын ала төлем алу. Оған интернет-алаяқтықтың жартысы тиесілі. Екіншісі - шағын несие ұйымдарының сайттарында онлайн-займ рәсімдеу. Жыл басынан мұндай шамамен 3 мың қылмыс жасалды. Үшіншісі - азаматтардың жеке мәліметтерін алғаннан кейін банктік есепшоттарынан ақша қаражаттарын ұрлау», - деді ол ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингіде.



Оның атап өтуінше, көп жағдайда алаяқ жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады.



«Бірқатар жағдайда зардап шегушілер «фишингілік» интернет-ресурстарға өздерінің мәліметтерін ерікті түрде енгізген. 2 мыңға жуық алаяқтық түрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияларға бәске тиімді ақша тігу желеуімен жасалған», - деді Қанат Нұрмағамбетов.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00