Instagram балалар қауіпсіздігін күшейтеді

Instagram балалар қауіпсіздігін күшейтеді
Сурет:Lifehacker.ru

Instagram жастар үшін қауіпсіз болуы тиіс

Instagram әлеуметтік желісінің басшысы Адам Моссери интернет кеңістігінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар функциялар іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Instagram жастар үшін қауіпсіз болуы шарт. Біз осы бағытта ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Осы жұмыс аясында Instagram-да жастардың қауіпсіздігін арттыруға көмектесетін жаңа құралдар мен мүмкіндіктерді жариялаймыз», делінген Адам Моссеридің хабарламасында.

Олардың кейбіреулерін келесі жылы іске қосу жоспарлануда.

Осылайша, ата-аналар мен қамқоршылар жасөспірімдердің қосымшада қанша уақыт өткізетінін көріп, балалары үшін уақыт шектеулерін белгілей алады. Сонымен қатар, компания АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Жаңа Зеландия және Австралияда үзіліс жасау функциясын іске қосады. Бұл мүмкіндікті тестілеу туралы Instagram қараша айында хабарлады.

Сондай-ақ, жасөспірімдер біреуге шағымданып жатса, балалардың ата-аналары сол пайдаланушылармен байланыс орната алады.