Инфляция шарықтау шегіне жетті

Инфляция шарықтау шегіне жетті
signal2forex.com

АҚШ-та өткен айда тұтынушылық бағалар 6,2 процентке қымбаттады. Бұл кейінгі 11 жылдағы ең үлкен өсім. Сөйтіп жылдық инфляция 1990 жылдан бері рекордтық деңгейге жетті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сарапшылар жағдайдың былай ушығуына коронавирус әсер еткенін айтады. Пандемия салдарынан тауарлар мен шикізаттың жеткізілуі қиындаған.

Жуырда жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша әрбір төртінші америкалық өткен айда өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кеткенін айтқан.

Сарапшылар бұл Джо Байденнің беделіне нұқсан келтіріп отырғанын мәлімдейді.