Инфляция деңгейі келесі жылы тұрақталады

Инфляция деңгейі келесі жылы тұрақталады
Сурет: КазТАГ

Бұл премьер-министрдің уәдесі.

Әлихан Смайылов үкіметтің инфляцияға қатысты болжамы туралы айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Өздеріңіз білесіздер, ұлттық банк инфляция деңгейін төмендету үшін өзінің базалық ставкасын 16 процентке дейін ұлғайтты. Келесі жылдың басында инфляция деңгейі мен макроэкономикалық жағдай тұрақталады деп санаймыз», - деді үкімет басшысы.

Осы орайда үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының үстемесін 15 проценттен асырмау міндеті қойылғанын еске салды. Осы саладағы бақылау шаралары жалғаса береді.

Айта кетері, Қазақстанда инфляцияның жылдық көрсеткіші 19%-ға жуықтады, ал өнім бағасы 23,2%-ға өсті.

«Келесі жылы инфляция деңгейі 7,5-9,5 процент болады деп жоспарлап отырмыз. Ал одан кейінгі жылдары 4-5 процентке түсуі керек. Біз осындай мақсат қоюымыз керек. Сосын қолда бар шараларды пайдаланып, оған жетуіміз шарт», - деп атап өтті Смайылов.