Инфекция жұқтыру азаймай тұр

«Инфекцияның 25% — ы отбасында, 28% — ы сауда нысандарында және 10% — ы базарларға барғанда жұғады» — алматылықтар бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтаулары тиіс. Алматыда туыстары және достарымен байланыс жасағаннан соң инфекцияның жұғуы көбейді: қала тұрғындарын ұжымдық «ауызашарлардан» бас тартуға шақырады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. Спикер ораза кезінде алматылықтар карантин ережелерін елемей, қонаққа баруды әлі де жалғастырып жатқанын айтты.

«Ауруды жұқтыру отбасыларда байланыс жасаумен байланысты және алдыңғы аптаның деңгейінде қалып отыр – 25%, туыстарымен, көршілерімен, достарымен болған байланыстан жұқтыру 2,3-тен 2,6% — ға дейін өсті. Бұл өсімді ауызашар өткізумен байланыстырып отырмыз», — дейді Әсел Қалықова.

Санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілі ведомствода діни сенімдегі адамдардың рухани сезімдеріне құрметпен қарайтынын, алайда вирустың пандемиясы барлығының денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті. Осыған байланысты барлық шектеу шараларын ескеру және сақтау қажет, атап айтқанда ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде де өткізбеу керек.

Әсел Қалықова талдау негізінде коронавирус жұқтырудың ықтимал орындары базарлар – 10% – дан астам жағдай, сауда нысандары-28%, қоғамдық тамақтану нысандарында 5% деңгейінде екенін айтты. Қоғамдық көлікте жұқтыру-5,2%. Басқа сауда нысандарында, дәріханаларда, медициналық мекемелерде, банктерде, пошталарда, ХҚКО-ларда, демалыс саябақтарында жұқтыру төмендеу үрдісімен іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр.

Онлайн-брифинг соңында Әсел Қалықова тағы да Алматы тұрғындарын денсаулықтарына сақтықпен қарауға және вакциналануға, сондай — ақ карантиндік шараларды-әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды жалғастыруға, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға шақырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *