Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aқордаға сілтеме жасап. 

Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2008 жылы Ташкент автомобиль-жол институтын «ғимараттар мен құрылыс салу» мамандығымен бітірген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығын тәмамдаған.

2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы.

2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті транзиттік саясат басқармасының басшысы.

2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін – ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі.

2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

2023 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.