Индиан-Уэллс турнирінде қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

Индиан-Уэллс турнирінде қазақстандық теннисші ширек финалға шықты
Cурет: Olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалында

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған осы жарыстың екінші айналымында швейцариялық спортшы тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны тартысты ойында жеңіп кеткен болатын. Ю.Путинцеваның кеткен есесін Е.Рыбакина қайтарды. Ол сағат жарымдай уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды. Елена 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Голубич 2 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жаза алды.

Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен таласады