Инабатқа, iлтипатқа, мейiрiмге толы жинақ

«Бәрi де туған жерден басталады» деп аталған бұл повестке ауылдың аңғал, бiрақ иманға бай адамдары мен солардың тағдырына қатысты, былайғы ел бiле бермейтiн әңгiмелер арқау болған. Ең бастысы, инабаттылық, иба, iлтипат, мейiрiм кiтаптың өн бойынан төгiлiп тұр.

Шығарма авторы – Ұлжан Пармашқызы.

Көзiқарақты оқырманға бұл есiм етене таныс. Ол көп жыл Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Қолы қалт еткенде мерзiмдiк басылымдарға белсене араласып, жыр алыбы Жамбыл Жабаев, атақты диктор Әнуарбек Байжанбаев, аққан жұлдыздай  ғұмыр кешкен ақын Бауыржан Үсенов туралы эсселер жазды. Осындай еңбектерiмен де елге белгiлi.

Ұлжан Пармашқызы  жинағының бiр тарауын афоризмдерге, яғни қанатты сөздерге арнап, «Ойүзiктер» деп айдар тағыпты. Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов бiр зерттеуiнде:

«Жұрт айтып жүрген ойды сiз де айтасыз. Жұрт айтпаған ойды айту анда-санда бiр ұшырасатын бақыт, ол – ырыс… Ойдың көпшiлiгi жұрт айтқан ой болуы мүмкiн, бiрақ соны басқаша түрде айта бiлудiң өзi қасиет», –  деп жазған екен. Көңiлге қонымды, жүрекке жылы тиетiн ойлы сөздер мұнда да жеткiлiктi.

Ойүзiктер

* Адамға жамандық ойлағаннан басқа ойдың бәрi – iзгi.

* Адалдық болмаса – азап шегесiң.

* Қолыңнан торғай ұшырсаң – самұрық құс келiп қонады.

* Айналаңа жарық шашатын шам емес – көңiлiң.

* Сөздiң асылы – қалжың.

* Өмiрдiң ұлылығы – артына бұрылмайтындығы.

* Жеңiлгенiңе ғана емес, кейде жеңгенiңе де өкiнуге тура келедi.

* Үйретпесең үйретпе, бөгет жасамашы.

С. Қармыс

«Қала және иманды» әзiрлеген –

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *