Иммигранттар ережесіне өзгеріс енгізілді

Иммигранттар ережесіне өзгеріс енгізілді
Сурет: 24.kz

Бұл туралы Үкімет қаулысы 27 қаңтарда күшіне енеді.   

ҚР Үкіметінің қаулысымен көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу және болу, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету қағидаларына және Көші-қон бақылауын іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Соның ішінде көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзіміне өзгеріс енгізілген.

Қазақстанда болудың рұқсат етілген мерзімі:

егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн, күнтізбелік 180 күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күн өткен соң;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 90 күн, күнтізбелік 180 күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күн өткен соң;

Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін визаның мерзімі өткен соң;

болудың өзге мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;

уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;

бұған дейін Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң;

қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін сот шешімінің негізінде олар елден шығарып жіберілген жағдайларды қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға құжаттар ресімдеген көшіп келушілер үшін құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң;

өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлаған көшіп келушілер үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес арыз қаралғаннан кейін күнтізбелік 30 өткен соң;

Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн өткеннен соң аяқталады;

қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік 90 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;

айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген, сондайақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) болу мерзімі шығуды ұйымдастырe үшін қажетті, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.