Иманбек GO Russia журналының «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алды

Иманбек GO Russia журналының «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алды
Сурет: Almaty.tv

Иманбек Зейкенов тағы бір беделді жүлденің иесі атанды.

Бұл жолы қазақстандық диджей Иманбек Ресейде жыл сайын өтетін GQ Russia  журналының «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл номинацияға Иманбекпен қатар Федор Федотов және Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болған.

Рэп орындаушы Feduk «Жыл музыканты», ресейлік театр және кино актері Иван Янковский «Жыл актері», ал жазушы Дмитрий Глуховский «Жыл авторы» атанды. Кәсіпкер және «Додо пицца» негізін қалаушы Федор Овчинников «Жыл кәсіпкері», актер және кинорежиссер Данила Козловский «Жыл режиссері» атанды.

Өзінің қуанышты жаңалығымен Иманбек Зейкенов инстаграмдағы парақшасында бөліскен.