Имамдардың аттестациясы басталды

Имамдардың аттестациясы басталды Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Үшқоңыр» медресе-колледжінде Алматы облысы дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестациясы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі сияқты дін мамандар бар.


Алматы облысы имамдарының аттестациясы басталды

Аттестацияның алғашқы кезеңі тестілеу жүйесі бойынша өтіп жатыр. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылуда.












Алматы облысы имамдарының аттестациясы басталды

Екінші кезеңде имамдар мен ұстаздар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсыруда. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салуда.



Алматы облысы имамдарының аттестациясы басталды

Бес күнге созылатын республикалық аттестацияға Қонаев қаласы, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарында жұмыс істейтін 400 ден астам дін қызметкері қатысады деп күтілуде.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14