Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды
Сурет: Elorda.info

Масктың қазіргі байлығы - 184,6 миллиард доллар.

SpaceX қожайыны Илон Маск, Forbes мәліметтері бойынша, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде француздың LVMH трансұлттық компаниясының иесі - миллиардер Бернард Арноға жол беріп, бірінші тұрған орнынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Масктың қазіргі байлығын 184,6 миллиард доллар, ал Арно мен оның отбасы 185,1 миллиард долларға ие екен.

Француздың LVMH трансұлттық компаниясы louis vuitton, Givenchy, Guerlain, Kenzo, Moët & Chandon, Hennessy және тағы басқа танымал сауда таңбаларында сәнді тауарлар шығарады. Штаб пәтері Парижде орналасқан.

Илон Маск 2022 жылдың көктемінде Forbes миллиардерлерінің рейтингінде алғаш рет көш бастады. 2022 жылдың 11 наурызындағы есеп бойынша, Масктың байлығы 219 миллиард долларды құрады. Осылайша, бір жыл ішінде Маск 68 миллиард долларға байып, рейтинг көшбасындағы Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты (байлығы 171 миллиард долларға тең) ығыстырған болатын.