Іле оқу полигоны базасында әскери оқу-жаттығуы өтті

Іле оқу полигоны базасында әскери оқу-жаттығуы өтті
Сурет: Almaty.tv

36 офицер қабылданған

«Кез-келген ер ел қорғауға дайын болу керек». Бұл – отыз күн бойы әскери полигонда патриоттық сезімін сынап, сарбаздық сертіне адал қызмет етіп жатқан офицерлердің ұраны. Елдің Қорғаныс министрілігінің қолдауымен әскери дайындық жұмысы  төртінші жыл өтіп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Офицерлер 30 күндік оқу жаттығуда  жедел тактикалық даярлықты, АКС 74, ПМ-9 тапаншысанан нысанаға көздеп атуды үйренеді. Басты мақсат –  Отанға қызмет ету. № 61993 әскери бөлімінің Іле оқу полигоны базасы 24-пен 50 жас аралығындағы кез-келген Қазақстан азаматын әскери ұрысқа жаттықтырады.

«Бұл жерге келудегі басты мақсатым біліктілікті арттыру, әскери шенін алу. Тактикалық оқу-жаттығудан біліктілігім кішкене аз болған. Қазір көтерілді, тағы да жетілдіремін», – деді жауынгер-лейтенант Айдын Сұраншиев.

Кеңсесін казармаға ауыстырып, портфелін тастап полигонға келген ерікті офицерлер бұндай тактикалық даярлықтан әрбір азамат өтуі керек деп санайды. Өйткені 2019 жылдан басталған әскери-жаттығу жұмыстары кез-келген мамандық иесі қатыса алады.

«Отанды қорғау үшін ешқашан кеш темес. Менің жасым елуде. Бірақ ҚР Ата заңында да айтылғандай  алпысқа келсең де Отаныңды қорғауға міндеттісің. Сондықтан мен де оқу-жаттығу алаңындамын», – деді запастағы майор Дәулет Асылбеков.

Биыл бұл оқу-жаттығуға 36 офицер қабылданған. Олардың жұмыс орнына арнайы анықтама жіберіліп, тіпті жалақысы да сақталады екен. Бір айлық дайындық біткесін, әр азамат қайта барып жұмысын жалғастыра алады.

«Іле оқу полигоны базасында ҚР Құрлық әскери Десант шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшының басқармасымен бекітілген 26-шілде мен 26- тамыз аралығында әскери жиын өткізу жоспарға сай өтіп жатыр», – деді № 61993 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Расул Закиров.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесін арттыруға бағытталған бастамада, 4 жылдың ішінде 100-ге жуық азамат әскери  дайындықтан өткен. Десантшы шабуылдаушылар келер жылы да ерікті азаматтарды қабылдауға дайын.