ІІМ Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады

ІІМ Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Кешегі қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды ма? Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аты аталып жатыр. Қоғамдық орында кісі өліміне қалай жол берілген?», - деп сұрады журналист.




Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.




«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша мәлімет беріледі»,-деді.




БАҚ өкілдері өлімге жол берген мейрамхана қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы сұрады.




«Қазір осы іспен тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, кейін олар хабарын береді», - деді Сәкен Сәрсенов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19