ІІМ Алматы академиясына докторанттар мен магистранттар қабылданды

ІІМ Алматы академиясына докторанттар мен магистранттар қабылданды Сурет:Facebook

Академияда білім алудан үміткерлер 4 кезеңдік іріктеуден өтті.


Жуырда Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына сәйкес үміткерлерді іріктеу мен тағайындау бойынша қабылдау комиссиясының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.



Ведомстволық жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында қабылдау емтихандарына Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және Алматы қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының өкілдері қатысты.



Сондай-ақ, ішкі істер органдарының ардагерлері де бақылаушы ретінде қатысып, академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына ат салысты. Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысына ІІМ Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының қызметкерлері ZOOM платформасы арқылы қосылды.


Төрт кезеңнен тұратын қатаң іріктеу барысында үміткерлердің ведомстволық ғылымға қосқан үлесі, спорт саласындағы жетістіктері мен қызметтік мінездемелері ескерілді. Нәтижесінде докторантураға 10 адам, ғылыми-педагогикалық магистратураға 15, бейінді магистратураға 10 магистрант қабылданды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37