ІІМ Алматы академиясы грузиялық әріптестерімен меморандумға қол қойды

ІІМ Алматы академиясы грузиялық әріптестерімен меморандумға қол қойды
Сурет: Polisia.kz

18 наурызда Тбилиси қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы мен Грузия ІІМ академиясы арасында ғылыми және білім беру қызметі саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Меморандумда құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер мен халықаралық конференциялар өткізу, семинарлар мен басқа да іс-шараларды, тәжірибе алмасуды, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ынтымақтастықтың нысандары мен шарттары туралы ережелер қамтылды.

Меморандум БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылатын “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалауға жәрдемдесу” жобасының аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегациясының Грузияға сапары барысында жасалды. Аталған меморандум тараптарға полиция кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудағы ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.