III Карл ресми түрде монарх деп жарияланды

III Карл ресми түрде монарх деп жарияланды
Сурет: Inform.kz

Мұрагерлік кеңесі ІІІ Карлды Құрама Корольдіктің жаңа королі деп ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ге сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа ең алдымен тақ мұрагері ханзада Уильям, содан кейін кезек бойынша патшайым-консорт Камилла, Қауымдар палатасының көшбасшысы және Кеңестің лорд-төрағасы Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы қол қойды.

Рәсімін ұйымдастырушыдан басқа қатысушылардың барлығы қара немесе күлгін түсті киім киген. Бұл – қайтыс болған патшайымды жоқтау белгісі болып саналады.

Көрермендердің бірінші қатарында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері – Джон Мейджор, Гордон Браун, Борис Джонсон, Дэвид Камерон, Тереза Мэй және Тони Блэр болды. Олармен бірге британдық оппозиция көшбасшысы, лейбористер партиясының басшысы Кир Стармер тұрды.