ІІ Элизабет патшайымның құрметіне қуыршақ шығарылды

ІІ Элизабет патшайымның құрметіне  қуыршақ шығарылды
Сурет: Elorda.info

Mattel компаниясы ІІ Элизабет патшайымның бейнесіндегі «Барби» қуыршағын шығарды.

Бұл релиз Ұлыбритания патшайымының туған күніне арналған болатын: 21 сәуір күні ол 96 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Жаңа қуыршақты таныстыра отырып, Mattel осылайша британиялық монархты тақтағы мерейтойымен құттықтағысы келген. 2022 жылы ІІ Элизабеттің патшайым болғанына 70 жыл толды.

Қуыршаққа ақшыл сұр түсті көйлек киігізіліп, орден тағылған көк лентамен безендірілген. Сондай-ақ қуыршақтың басында ІІ Элизабеттің Филипп патшамен үйлену тойында киген тиарасын еске түсіретін әшекей бар.

Жаңа қуыршақ «Шабыт сыйлайтын әйелдер» сериясы аясында шығарылды. Ол 75 доллар тұрады.