Игорь Сон: Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын

Қазақстандық зілтемірші, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, жарыс кезіндегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  

 «Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғалғаны кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек. Рахмет, Қазақстан! Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан!» – деді Игорь Сон.