Игорь Косолапов жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Игорь Косолапов жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты
ainews.kz

19 жастағы қазақстандық Игорь Косолапов Колумбияның Кале қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазақстандық биіктікке секіруде 2,08 метрді бағындырды. Финал 5 тамыз күні таңертеңге сағат 4:10-да басталады. Медальдар үшін 12 атлет таласатын болады: олардың тоғызы 2,08 метрді еңсерді, қалған үшеуінің нәтижесі – 2,04 метр.

Сондай-ақ 3 тамыз сағат 20:45-те квалификацияда Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), 4 тамызда сағат 22:05-те Ақбаян Нұрмамет (1,5 метрге жүгіру) өнер көрсетеді.

Ал Ясмина Тоқсанбаева (10 мың метрге спорттық жүріс) 5 тамыз күні сағат 21:30-да бірден медальға таласады», - делінген «Спорт Шредингера» Telegram-каналында.

Ал Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Instagram-да: «Игорь Косолапов биіктікке секіруде 2.08 нәтижесімен финалға өтті. Жарайсың!», - деп жазды.