Бас ауруының жедел медициналық көмекті қажет ететін бес белгісі

Бас ауруының жедел медициналық көмекті қажет ететін бес белгісі
Сурет: Universum Clinic

Невропатолог дәрігер ұзаққа созылған бас ауруы кезінде дереу дәрігерге қаралу керегін айтты.

Британдық невропатолог Мохан Секерам бас ауырған кезде адамға шұғыл түрде дәрігерден көмек сұрау керектігін көрсететін бірқатар белгілерді атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Medic Forum сайтына сілтеме жасап.

Ұзақ уақытқа созылған ауырсынудың негізгі себептерінің бірі науқастың өмір салты болуы мүмкін. Ауысымдық жұмыс, түнгі белсенділік, кофені мөлшерден артық ішу, компьютерде жұмыс істеу кезінде бұлшық еттердің зорығуы - мұның бәрі бас ауруының хабаршысы. Сонымен қатар, бұл стресс немесе ұйқының бұзылуына байланысты, сондай-ақ психикалық денсаулығында проблемалары бар адамдарда пайда болуы мүмкін.

Маманға шұғыл қаралуды қажет ететін бес негізгі белгі:

- көздің бұлыңғырлануы немесе қосарланып көріну,

- бас ауруымен бірге жүретін құсу,

- бас ауруы ұйықтауға кедергі келтіруі,

- мойынның құрысып қалуы және дене температурасының жоғарылауы,

- ауырсынудың асқынып, ауырсынуды басатын дәрілердің қажетті нәтиже бермеуі.

Осы белгілердің кез келгені өмірге қауіп төндіретін ауыр ішкі патологиялардың болуын көрсетеді.

Бұған дейін жоғары санатты кардиолог-дәрігер Сергей Иванов қан қысымы жоғары адамдарға ұзақ уақыт жүруге болмайтынын айтқан. Себебі мұның салдары денсаулыққа өте қауіпті.  Иванов гипертонияның салдарынан қан тамырларының ішкі қабаты бұзылып, атеросклероздың дамуына әкелетінін айтты.