Отандық зауыттар өңірлерді қалпына келтіруге көмек көрсетуде

Отандық зауыттар өңірлерді қалпына келтіруге көмек көрсетуде
Сурет: Inform.kz

Қазақстан өңірлеріндегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде әкімшілік ғимараттар мен жылжымайтын мүліктің коммерциялық нысандарына айтарлықтай зиян келтірілді.

Осы жағдайды ескере отырып, отандық зауыттар қираған нысандарды қалпына келтіруге қолдау көрсете бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы зардап шеккен өңірлерге арматуралық өнімдерді өтеусіз негізде жеткізуге дайын. Айта кету керек, кәсіпорын жыл сайын өз өнімдеріне сертификаттау жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта компанияның арматуралық, қалыпқа келтірілген және сұрыптық жаймалары бірқатар елдердің ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттары бар.  

Сонымен қатар, отандық автоөндірушілер 10% жеңілдікпен және кейінге қалдырылған төлем шарттарымен жаңа полиция машиналарын тапсыруды бастады.   Өз кезегінде отандық өндірушілер осы қиын кезеңді қысқа мерзімде еңсеріп, зардап шеккен салаларды қалпына келтіре алатынымызға сенімді.