Halyk Bank мемлекетке 28,4 млрд теңге қайтарды

Halyk Bank мемлекетке 28,4 млрд теңге қайтарды
Сурет: Kapital.kz

Мерзімінен бұрын ішінара қайтару шешімі бүгін жүзеге асты. 

Halyk Bank қызметінің 2022 жылғы қорытындысы бойынша Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оған сәйкес, мемлекеттік көмек ретінде берілген 28,4 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Дивидендтік саясатқа сәйкес, Halyk Bank жыл сайын өз акциялары бойынша дивидендтер төлейді. Биылғы жыл қорытындысы бойынша, Банк акционерлері 2022 жылға бір акцияға 25,38 теңге мөлшерінде дивиденд алады. Депозит түріндегі мемлекеттік көмекті Қазкоммерцбанк 2015 жылы алды. 2018 жылы Қазкоммерцбанк Halyk Bank-пен біріктірілгеннен кейін, Halyk депозиттің мұрагері ретінде, мемлекеттік көмек сомасы Біріккен банктің балансына ауысты. Halyk жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік көмекті қайтаруға бірінші болып кірісті және "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ депозитін мерзімінен бұрын ішінара қайтаруға 28,4 млрд теңге немесе төленетін дивидендтер сомасының 10,26% -ын қайтарды. Halyk – елдегі ең ірі қаржы институты", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Halyk Bank акционерлерінің құрамына халықаралық, миноритарлық және жергілікті инвесторлар кіреді. Олардың үлесі Банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының 30%-дан астамын құрайды.